Выйти
RU

Маңғыстау ауруханасында өрмелеген қандалалар науқастың ашуына тиді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облыстық ауруханасының хирургия бөлімінде емделіп жатқан науқас дуалда өрмелеп жүрген қандалаларды ұялы телефонының камерасына түсіріп алып, өз наразылығын жеткізген. Ал бұл жайттан соң мекемеде тексеріс басталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Науқастың айтуынша, мекемедегі басқа емделушілер да қауіпті жәндіктерге байланысты шағымданған. Аурухана қызметкерлері шу шығарған әйел адамды басқа бөлмеге ауыстырған.

Сондай-ақ видеоның авторы мекемеде науқастар үшін қарапайым жағдайлар жасалмағанын атап өткен. Тіпті, ол ауруханада дәретхана қағазының жоқ екенін алға тартқан.

Бұған қатысты пікір білдірген Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ауруханада пайда болған қандалалардың "сырттан әкелінгенін" жеткізді.

"Бұған дейін сол бөлімде 85 жастағы науқас 20 күн бойы ем алған. Оның қызы мен немересі дәрігерлердің қатаң тыйым салуына қарамастан, үйлерінен көрпе, жастық және пима алып келген. Қазір аталған аурухана бөлімінде дезинсекциялық және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Науқастар басқа бөлмелерге ауыстырылды", – деп мәлімдеді ведомстводан.

Облыстық аурухана өкілдері барлық бөлімдерде дезинсекциялық және дезинфекциялық іс-шаралар мен толық тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстау ауруханасында өрмелеген қандалалар науқастың ашуына тиді (видео)