RU
Жұмысқа тұрғызғаны үшін: Қарағанды облысында мембақылау басшысына қылмыстық іс қозғалды

Жұмысқа тұрғызғаны үшін: Қарағанды облысында мембақылау басшысына қылмыстық іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында №1 көмір өндірісі мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомствоның хабарлауынша, шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір құзіретті органдар сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қарағанды облысы №1 көмір өндірісі мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы жемқорлық қылмыс жасады деп күдікке ілінген адам.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметтегілер айтқан нұсқаға сәйкес, шенеунік ер адамға жергілікті компаниялардың біріндегі шахтаға тау-кен өндірушісі етіп орналастыруға уәде берген. Көрсеткен көмегі үшін ол жарты миллион теңге сұрапты.

Күдіктінің өз кінәсін мойындап, соның арқасында оны қамауға алмағаны да хабарланды. Ол тергеу жұмыстарымен келісімге келген.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттіктің айтуынша, кінәлілік деңгейі мен жазалау шарасын сот анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel