RU
Контейнерден денесі табылған қарағандылықтың сөмкесінде 5 млн теңге болған

Контейнерден денесі табылған қарағандылықтың сөмкесінде 5 млн теңге болған

Рассказать Вконтакте

Бүгін түнде Майқұдық ауданыдағы темір контейнерден денесі табылған Қарағанды қаласының тұрғыны, 38 жастағы Жанар Бөлегенованың өліміне ақша себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Келіншек шаруаларымен үйден шыққан сәтте, оның қалтасында бес миллион теңге болған. Ол тезірек қайтамын деп айтқан.

Жақын туыстарының айтуынша, Жанар бір қаржылық пирамидаға ақша салу үшін бірнеше туыстарынан қарыз алыпты. Бірнеше уақыттан кейін пайда тауып, қарызын қайтаруды жоспарлапты.

Бес миллион теңге жинаған ол қаржыны салуға көмектесуі тиіс адамдармен кездесуге шыққан.

Алайда әйел адам 29 қараша күні кешке үйіне оралмаған. Екі баласы мен күйеуі оны күні бойы, 30 қарашаға дейін күтеді. Бірінші желтоқсан күні олар полицияға арызданып, оны іздеу жұмыстары басталған.

Бүгін түнде, 3 желтоқсанда Жанар Бөлегенованың зорлықпен өлтірілген денесі металл контейнердің ішінен табылды. Полиция қызметкерлері қылмысты тез арада ашты. Күдікті адам оның бұрынғы әріптесі, 36 жастағы қаржыгер болған. Қайтыс болған Жанар бухгалтер еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel