RU

Ресейде ер адам қалыңдығынан 90 млн теңгеге жуық ақша алып, қашып кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейде ер адам бойжеткенді үйленемін деп алдап, қалыңдығынан 90 млн теңгеге жуық ақша алып, қашып кеткен. Полиция күдіктіні қолға түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция берген ақпаратқа сәйкес, жастар әлеуметтік желі арқылы танысқан.

Жігіт жоғары лауазымды қызметте екенін айтқан. Ол жас қызды үйленемін деп алдап, қалыңдығынан 15 миллион рубль (90 млн теңгеге жуық) алып қашып кеткен. 

Күдікті 2015 жылы дәл осындай қылмысы үшін сотталған екен. Бес жылға бас бостандығынан айырылған алаяқ жақында ғана түрмеден шығыпты.

Альфонс жігіт ата-анасының ақшадан қысылмайтынын жеткізіп, өзін бақуатты отбасыдан шыққанмын деп таныстырған. Сөйтіп ол қызға үйленуге ұсыныс жасаған. Ааяқ жігіт өзінің туыстары да қалыңдықтың материалдық жағдайы жақсы екеніне көз жеткізуі тиіс деп ескертіп айтып қояды.

 Осыны сылтауратып жігіт әйелді ірі көлемде қаражат жіберуге көндірген. Ақшаны кейін қайтаруға уәде беріпті. Ақша есепшотқа түскен соң жігіт те ізім-ғайып жоғалып кетті.

Дереккөз: КТК арнасы

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде ер адам қалыңдығынан 90 млн теңгеге жуық ақша алып, қашып кеткен
Mailfire view pixel