RU
Атырауда ер адам әкімшілік хаттама үшін жол белгісінен кек алды (видео)

Атырауда ер адам әкімшілік хаттама үшін жол белгісінен кек алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырауда ашулы автокөлік жүргізушісі өзіне әкімшілік хаттама толтырлығаннан кейін кегін жол белгілерінен алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Атыраудың патрульды полиция қызметкерлері жұмыс барысында Volkswagen автокөлігінен мемлекеттік нөмірді шешіп алған. Неміс автокөлігінің иесі жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзыпты.

Ереже бұзушы жол белгісінің талаптарын орындамаған. Патрульді полиция автокөліктің айнасына тиісті хабарламаны жапсырған.

Инспектормен байланысқа шыққан Volkswagen иесі өзіне мемлекеттік нөмірін қайтарып алады. Ереже бұзушыға әкімшіоік хаттама толтырған.

Ашуланған көлік иесі жол белгісінен кек алмақ болады.

Ақ түсті Volkswagen автокөлігінің жүргізушісінің ашуға мініп, жол ортасына тоқтай сала, өз бұзған жол белгісін алып тастаған сәті бақылау камерасына түсіп қалған. Полиция аталмыш роликпен бөліскен.

Полицияның жақын маңдағы экипажы оқиға орнына жедел аттанған.

Жүргізушінің белгіден алмақ болған кектің соңы бұзықылық әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке ұласқан.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel