RU
Нұр-Сұлтанға және еліміздің бес облысына дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанға және еліміздің бес облысына дауылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қыстың алғашқы күндері Қазақстанның бес өңірі мен елордада жауын-шашын күшейеді, жел, көктайғақ және қарлы боран болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Болжамға сәйкес, ертең, 4 желтоқсанда 80-нен 85 пайызға дейін Нұр-Сұлтанға қарлы бұрқасын түседі, қалада тұман, көктайғақ күтіледі.

Қазгидромет берген мәліметке сай, Ақмола облысында кей жерлерде қарлы боран, көктайғақ болады, тұман түсіп, салдарынан көру деңгейі төмендейді деп күтілуде. Күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыс немесе шығыстан жел соғады.

Синоптиктер Көкшетауда тұман болады деп болжауда, сонымен бірге ауа температурасының төмендеуі салдарынан қала көшелері мұзға айналмақ.

Ақтөбе облысында тұман және көктайғақты салқын ауа райы сақталады. 4 желтоқсанда облысқа бұрқасын жел келіп, салқын ауа температурасының салдарынан қала көшелерінде көктайғақ болады.

Синоптиктер берген ақпаратқа сәйкес, Қостанай облысында да тұманды ауа райы болжанған. Ал Қызылорда облысында температураның төмендігінен таңертең және күндізгі уақыттарда көктайғақ болмақ. Тұманды ауа райы сақталады.

Батыс Қазақстан облысында да бұрқасын болып, көктайғақ болады деп күтілуде. Оның арты тұманға ұласуы мүмкін. Орал өңірінде де бұрқасын болмақ.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel