RU
22 жылдан кейін қызды болған Жазира Байырбекова сәбиінің бесік тойын қалай өткізді (видео)

22 жылдан кейін қызды болған Жазира Байырбекова сәбиінің бесік тойын қалай өткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Жазира Байырбекова біраз уақыттан бері көптен жасырып келген құпиясын ашып, елді таңғалдырған болатын. Әнші қалың жұртқа қызды болғанын жария еткен еді. Енді сәбиді бесік салу рәсімінен видео желіде таралды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/hazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/hazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жұлдызды жұптың көптен күткен қызының қырқынан шығару сәті Жазира Байырбекованың туған сіңлісі Ләззәттің Instagram парақшасында жарияланды.

"Жазира енді өз бөпесін ұйқтатып жүр. Осы уақытқа дейін барлық балаларды әнімен тербеп жүр еді. Өтіп кеткен бесік тойдан көрініс-видеомды қабыл алыңыздар! Жақсы тілектеріңізге рахмет, ағайын! Алла сіз бен біздің тілеуімізді беріп, Дара қызды сыйлады! Тәуба" , - деп жазды бейнежазбаның астына Ләззәт Байырбекова.

Видеодан Жанболат пен Жазира Дара есімді қызының бесік тойын өз пәтерінде, кілең ет-жақындарының арасында тойлағанын аңғаруға болады.

Жұлдызды жанұяның қуанышына жиналған қонақтар арнайы салт-дәстүрді орындап, аса ерекше күннен естелік ретінде суретке түскен.

Айта кетейік, бұған дейін Жанболат пен Жазираның 22 жылдан кейін қызды болғанын хабарлаған болатынбыз. Жұлдызды жұп қуанышты жаңалығымен тек уақыт өте келе бөлісуді жөн көрген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel