RU
"Мәмілеге келдік": Индира Расылхан жұбайымен қайта қосылғанын хабарлады

"Мәмілеге келдік": Индира Расылхан жұбайымен қайта қосылғанын хабарлады

Рассказать Вконтакте

Әнші Индира Расылхан екінші күйеуімен татуласып, қайтадан бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Бір жылдан астам уақыт бойы бөлек тұрған ерлі-зайыптылардың қосылуына не түрткі болғанын өнер иесінің өзі желіде әңгімеледі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/indirarasylkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/indirarasylkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Индира Расылхан Instagram желісінде жұбайымен қалай татуласқаны жөнінде арнайы жазба жариялап, мәселені егжейлі-тегжейлі түрде түсіндіріп берді.

Ерлі-зайыптылардың қайта қауышуына әншінің берген соңғы сұхбаты ерекше әсер еткен болып шықты.

Жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарған Индриа Расылханның сөзі оның жолдасына ауыр тисе керек.

"Өздеріңіз өз аузыманан естігендеріңіз, соңғы 1,5 жылда отағасымен бірге еместігім еді. Екеуміз екі жаққа кеткендегі мен үшін ең ауыр тигендігі, 15 жыл уақытымның босқа өткендігі деген ойдың мазалауы еді. Жолдасыммен өткен 15 жыл уақытымды, мен неге басқаша өмір сүрмедім деген ой мені күннен күнге қажытқаны өтірік емес.

Депрессия, жылау, өкініш, басты тасқа соғу және т.б. Депрессияның көкесін бастан өткіздім. 8 ай бойына мен ешнәрсе жасамадым десем де болады. Күніге таңым атып, күнім батып жатты. Бала-шағамен әкелерінің хабарласып жатқанын да біліп жүрмін ғой, бірақ қу көкірек жібермей, оған көрсетпеудің амалымен сөйлеспеймін деген шешім болды.

Арада ұрыс-керіс болмаған соң, сөйлеспеудің де амалы жоқ екен. Арамызда достық орнағандай сезімде болып жүрдім. Сонымен не керек, не үшін бөлек кеттік, не үшін олай болды, сол сәтте мені қызықтырмады да. Себебі, менікі өзім үшін дұрыс еді. Енді, ойлашы, өзің депрессиядасың, күйеуің сенен кешірім сұрамайды, барсың ба, жоқсың ба мән бермейді. Ол деген маған қатты ауыр тиді. Сонда да ол кінәлі мен үшін.

Бір күні, "бұлай болмайды" деп өзіме көптеген сұрақтар қоя бастадым. Жұмыс қалды жайына. Бала-шаға екі ортада алаңдап жүргенін көрсем де, білдірмеймін ғой әрине. Содан үлкен қызымның біреуі менің ойымның дұрыс еместігі жайлы бетіме айтып тастады. "Қалай болғанда да, мен папамдікі дұрыс деймін" деді" , - деп бастады әнші.

Индира Расылханның сөзінше, әнші бұл жағдайдан соң психологияға үңіліп, жолдасымен айырылысу мәселесінде өзі жіберген қателіктерін түсінген. Өнер иесі күйеуімен араларының бұзылуына бойындағы лидерлік қабілеті себеп болғанын мойындады.

"Әйелдің қалай болуы керек екендігін жәймен түсіне бастадым. Өзімнен кінә іздей бастадым. Алғашында мойындау қиын болды әрине, сосын өзімнен кеткен қателіктердің салдарынан туындаған жайсыздықты түсіндім. Лидерлік қабілет басым болғаннан деп бір ауыз сөзбен түйіндей салайыншы. Лидерлікке жолдасым таласып та көрген жоқ, бірақ іштей өзін жегендігін түсіндім.

Иә, ер адамның қабілетін өшіре салу біздің қолымыздан келеді, бір ауыз сөзіміз жеткілікті. Сол бір ауыз жаман сөз өшірсе, бір ауыз жақсы сөз алға ұмтылдыратыны сөзсіз. Бәлкім көп нәрсені саналы түрде жасаған да жоқ шығармын, бірақ менің бар кінәм, жол апатынан кейін оның әйелі емес, анасына айналып кеткендігім екен. Арада алғашқы баланс солай бұзылды.

Содан мен қорғаштап, ауыр көтермесін деп көп жұмысқа шықпауын қаладым. Қорғаштау арқылы ұзақ отыратын жұмысқа жарамайтынын ойына сала бердім. Ал соңында, оны қорғаштау арқылы қорқынышты санасына орнатып берген екенмін. Содан баланс быт-шыт болып бастады. Еркегін қимылдатпай бәріне өзі жүгіретін әйел, жәймен ер мінезділікке ауысады екен.

Бір жақсы қасиетімді айтып қояйыншы, қанша өзімдікі дұрыс деп ойласам да, Асекеңмен ұрысып көрмеппін. Ол да маған ұрысып көрмепті. Себебі біз үшін әрқашан сыйластық маңызды болатын. Әйелдік нәзіктікті, әйелдік орынымды білген сайын, енді неге ажырастым деген ой мазалай бастады. Оны энергия арқылы ол да сезген сияқты.

Жасырып жүрген өмірімді ел алдына шынайы сұхбат беріп, өзімді еркін сезінгендігім де бар. Себебі шынайылықты қабылдап, өзіңнің өмірің үшін, өзің ғана жауапты екендігіңді білгенде ғана ашылады екенсің. Сол сұхбаттан соң, көп ұзамай- ақ, Асекең мені кешкі асқа шақырды. Маған да керегі сол еді, бірден бірге болуымыз керек деп, бір ауыздан мәмілеге келдік" , - ағынан жарылды Индира Расылхан.

Айта кетейік, бұған дейін Индира Расылхан екінші күйеуімен бірге тұрмайтынын жайып салған болатын. Әнші отағасымен ұрыспағанын, тек араларында ортақ әңгіме болмағандықтан екіге кеткенін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel