RU
Дәретхана жуудан бас тартқан сарбаз әскердегі екінші күні қайтыс болды

Дәретхана жуудан бас тартқан сарбаз әскердегі екінші күні күні қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Белгород әскери бөлімдерінің бірінде отан алдындағы борышын өтеуге келген ставропольдық сарбаз әскердегі екінші күні қайтыс болды. Төтенше жағдай 29 қарашада орын алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Марқұмның анасы 28 қараша күні 19 жастағы ұлы Белгородқа келіп, казармаға орналасқанын айтады.

Дәл сол күні ол жанұясына өзін дәретхана жууға мәжбүрлеп жатқанын, бірақ өзі бұл істі мүлде жасамайтынын жазып жіберген.

Ал түн ортасында сарбаздан дауысты хабарлама түскен. Онда жігіт арада кикілжің пайда болып, өзін "әңгімеге алып шыққанын" айтқан. Бірақ, дәл кіммен екені белгісіз.

29 қараша күні командир туыстарына хабарласып, 19 жастағы сарбаздың қайтыс болғанын хабарлапты.

Әскери қызметкердің сөзінше, оның жағдайы таңертең белтемірде жаттығып жатқанда нашарлаған. Жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер ештеңе істей алмапты.

Басылым мәліметінше, қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Айта кетейік, күні кеше Қарағандыда із-түзсіз жоғалған келіншектің денесі контейнерден табылды.

Қазіргі уақытта 38 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен 36 жастағы азамат ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Ал марқұмның соңында екі баласы қалды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel