RU
Асылхан Төлепов ұлының тұсауын жұлдызын жаққан Ақан Сатаевқа кестіртті (фото, видео)

Асылхан Төлепов ұлының тұсауын жұлдызын жаққан Ақан Сатаевқа кестіртті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Асылхан Төлепов тұңғышы Алпамыстың тұсауын өзіне кино әлеміне жол ашқан режиссер Ақан Сатаевқа кестіртті. Өнер иесі айтулы күнге кино саласында жақын араласатын әріптестерін шақырып, оларды бір дастархан басында жинаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/assylkhantolepov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/assylkhantolepov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Белгілі актер ұлының тұсауын кесуді қазақ киносының майталманы саналып кеткен Ақан Сатаевқа сеніп тапсырған.

Ал тұсауы кесілген Алпамысты бір қолынан жетектеп жүру мәртебесі танымал актер Азамат Сатыбалдыға бұйырды.

Жас әке тұңғышының қуанышын өнердегі аға-бауырларының арасында, өз шаңырағында тойлаған.

Олардың арасында Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Артур Төлепов, Ақан Сатаев, Азамат Сатыбалды, Аян Өтепберген, Асан Мажит, Қазрет Қажымұқанұлы және т.б болды.

Асылхан Төлепов отырыс кезіндегі суреттер мен ұлының тұсауын кесіп жатқан сәтімен Instagram парақшасында бөліскен.

"Аллаға шүкір! Бүгін Алпамыстың тұсауын Ақан атасы кесті. Барша келген ағаларыма, бауырларыма көп рахмет! Біздің бағымызды кино әлемінде ашқан, өнердегі әкеміз Ақан ағама мың алғыс. Екінші қолынан жетектеп, ақ тілегін білдірген ағама рахмет! Аман болыңыздар! Шаңырақтарыңызда тек қуаныш, береке болсын! Қуаныш қуанышқа ұлассын" , - деп жазды актер.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel