RU
70-ке толған қызына бата берген Жазира Байырбекованың 97 жастағы әжесіне жұрт cүйсінді

70-ке толған қызына бата берген Жазира Байырбекованың 97 жастағы әжесіне жұрт cүйсінді

Рассказать Вконтакте

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында анасы мен әжесінің бірге түскен видеосын жариялап, көпшілікті тәнті етті. Өнер иесінің сөзінше, анасы бүгін 70 жасқа толып жатыр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

97 жастағы анасынан бата алған Жазира Байырбекованың анасы жұртты cүйсінтті

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Күні кеше екінші рет ана атанғаны белгілі болған Жазира Байырбекова бүгін оқырмандарымен тағы бір қуанышты хабарымен бөлісті. Әншінің анасы 70 жасқа толып жатыр.

Тыңдармандарымен жағымды жаңалықтарымен бөліскен өнер иесі Instagram парақшасына видео жариялап, ерешке жазба қалдырды.

"Бүгін анам 70 жасқа толды. Анамның 97 жастағы анасы Алматыдан ұшақпен емес "жер көріп барамын" деп көлікпен барды. Жолдан түк те шаршамадым дейді. Алматылық 97 жасар ару бүгін Шымкентте!", - деп жазды ол.

Кадрда 97 жастағы әжейдің 70 жасқа толып жатқан қызын туған күнімен құттықтап жатқанын көруге болады. Қарт кісі қызына 150 жасқа толуын тілеп, маңдайынан сүйіп, батасын берді.

Видеоны көрген дүйім жұрт желіде жұлдыздың анасы мен әжесіне жылы лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ олар аяулы аналардың дені сау болып, ұзақ жасауын тіледі.

"Қандай керемет!", "Аналарыңыз дүние тұрғанша тұрсын", "Апа-аналарымыз аман болсын. Жолдарының жақсысын бізге берсін", "Құтты болсын! Осы кісілердің жасын бізге берсін", "Денсаулықтары мықты, өмірлері ұзақ болсын", - деп пікір жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel