RU
Шымкентте 31 жастағы әйел өз-өзін өртеп жіберді

Шымкентте 31 жастағы әйел өз-өзін өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте денесінің 80 пайызын күйік шалған 1988 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда болған. Шымкенттің Тассай ауданындағы Юсуф Сареми көшесінің 31 жастағы тұрғыны өз-өзін өртеп жібеген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел үстіне бензин шашып, өз-өзіне өрт қойған. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ол ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Еске сала кетейік, күйеуі өртеп жіберген соң ауруханаға түскен Нұр-Сұлтан тұрғынының травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болғаны хабарланған еді. Марқұмның денесінің 75 пайызын термиялық күйік шалған.

Белгілі болғандай, 7 қазанда астанада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті аталған істің "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатқанын, күдіктінің уақытша ұстау изоляторында отырғанын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel