RU

Бред Питт пен Анджелина Джолидің 13 жастағы қыздары ұл балаға айналмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

БАҚ әйгілі актер Бред Питт пен Анджелина Джолидің 13 жастағы туған қыздары Шайло Нувель жынысын ауыстыру мақсатында гормоналды ем алып жүргенін жазуда. Сонымен қатар, ол ата-анасынан өзін Джон деп атауын сұрайды екен деп жазады KAZ.NUR.KZ Газета.ru басылымына сілтеме жасап.

Питт пен Джолидің 13 жастағы қыздары жынысын ауысыруға алғашқы қадамдар жасады

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Marie Claire басылымының мәліметінше, жасөспірім жынысын ауыстыру үшін гормоналды ем алып жүр екен.

Ал бұған дейін 55 жастағы Питт туған қызы, тұңғышы Шайлоның оны Джон деп атауын сұрайтынын айтқан.

"Ол өзін Джон деп атағанын қалайды. Джон немесе Питер", - дейді актер.

Ал Джолидің сөзінше, ол баланың гендерлік артықшылықтары барын сәби күнінде-ақ байқаған екен.

"Ол костюм киіп, галстук тағады. Оған ер балаларшы киінген ұнайды. Тіпті шашын қиып тастауға тура келді. Брэд екеуіміз оған қалай әрекет ету керек екенін айтпаймыз. Өз орнын өзі тапсын", - дейді Джоли.

ForumDaily басылымы Шайлоның гармоналды емді бір жылға жуық қабылдап жатқанын және болашақта жынысын өзгерту үшін отаға жүгінетінін жазған.

Жеткіншектің ортасына жақын тағы бір дереккөздің мәліметінше, "Шайло ешқашан өзін қыз сезінбеген. Сол себепті 12 жасында ата-анасының қолдауымен гормоналды препараттар қабылдап, сырт келбетін өзгертуді мақсат етіпті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бред Питт пен Анджелина Джолидің 13 жастағы қыздары ұл балаға айналмақ
Mailfire view pixel