RU
"Әкеме тіл тигізді": Мұқасан Шахзадаев әріптесі Нұрланмен неге араласпай кеткенін алғаш рет ашып айтты

"Әкеме тіл тигізді": Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен неге араласпай кеткенін алғаш рет ашып айтты

Рассказать Вконтакте

"Нұр-Мұқасан" тобының бұрынғы мүшесі Мұқасан Шахзадаев 27 жыл бойы өзімен бірге өнер көрсеткен Нұрлан Қонысбаевпен не себепті араздасып қалғанын және араласпай кетулеріне не түрткі болғанын алғаш рет ашып айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото:видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото:видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық бағдарлама берген сұхбатында Мұқасан Шахзадаев Нұрлан екеуінің қарым-қатынасын ақша мәселесі бұзды деген қауесеттерге жауап беріп, кикілжіңнің шынайы себебіне тоқталды.

"Шын айтқанда, Нұрлан екеуміздің арамызда ақшаға қатысты бір әңгіме болған. Бірақ, мен оның бәріне көзімді жұмғанмын. Мен үшін ол ешқандай рөл ойнаған жоқ. Мәселе оның сомасында, ақшаның санында емес. Ең бастысы, көңіл. Қаншама жыл жүрген досың, сені сондай күйге қалдырады деп ойламайсың.
Жүрегімде дақ бар. Ол менің әкеме тіл тигізген сөздері бар. Өзіме айтқан сөздері бар. Мен сол сөзге бола, шын айтсам, қатты ренжідім. Ал ақша мен дүниенің бұл мәселеге еш қатысы жоқ. Әкеме менің көзімше емес, басқа біреулердің көзінше әкеме тіл тигізген" , - дейді Мұқасан Шахзадаев.

Сонымен қатар әнші Нұрлан екеуін бірқатар өнер иесі татуластырмақ болғанын да атап өтті.

"Мейрамбек Бесбаев пен Арман Дүйсенов үйге келіп, менімен сөйлеспек болған. Бірақ, ол кезде жігіттердің көзінше, мен айтатынымды айтып бердім. Жағдайды егжейлі-тегжейлі түсіндіріп бердім. "Ары қарай өздерің шешіңдер" дедім. Ол еш жақта айтылмайтын дүние. Бірақ, өз арамызда ол дүние айтылды.
Менің айтып қосарым жоқ. Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын. Бір Алла біледі. Бірақ, мен өзімді кінәлі емеспін деп есептеймін. Нұрланды да қатты кінәламаймын. Сенгіш халықпыз ғой. Бәлкім тіл, көз тиген болар, арамызда от салушылар болған шығар. Бұл өмір. Өмір болған соң, жақсысын да, жаманын да көреміз. Қазіргі кезде, өтірік айтпай-ақ қояйын, мүлдем араласпаймыз. Тек көріп қалсақ, аманымыз түзу" , - деді Мұқасан Шахзадаев.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
12
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel