RU
БАҚ: Берлинде шешен азаматын атып өлтірген күдікті Қазақстан тумасы болып шықты

БАҚ: Берлинде шешен азаматын атып өлтірген күдікті Қазақстан тумасы болып шықты

Рассказать Вконтакте

Оы жылы Берлинде Шешенстанның бұрынғы дала командиры Зелимхан Хонгошвилиді өлтірді деген күдікпен ұсталған "Вадим Соколовтың" шын аты-жөні мен туған жері анықталды еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bellingcat.com

Фото: bellingcat.com

БАҚ өкілдері күдіктіні "велосипед мінген киллер" деп атады. Ол Германия астанасында өз құрбанына дәл осы көлік құралымен келген. Ал шешен босқыны алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Фото: bellingcat.com

Фото: bellingcat.com

The Insider ақпаратына сәйкес, бұл істегі күдікті Вадим Соколовтың атына жазылған ресейлік құжатпен ұсталған. Енді басылымда тұтқындағы азамат туралы тың ақпарат пайда болды. Дәлірек айтқанда, күдіктінің шын аты-жөні Вадим Николаевич Красиков екені анықталды.

Фото: bellingcat.com

Фото: bellingcat.com

Ол 1965 жылы 10 тамызда Кеңестөбе ауылында (бұрынғы ҚазКСР Шымкент облысы) дүниеге келген. 1980 жылдары жанұясымен бірге Бурятияға көшіп кеткен. Кейіннен үйленіп, екі баланың әкесі атанған. Содан соң барлығы Иркутскқа қоныс аударған. Ал осы жылдан бастап ол Ресей астанасында тұрған.

Фото: bellingcat.com

Фото: bellingcat.com

Қазіргі уақытта Красиков Ресей азаматы. Күдікті бұрын да осыған ұқсас кісі өлтірді деген күдікпен федералды іздеуде болған.

Басылым мәліметінше, 2013 жылдың қаңтар айында киллер Мәскеуде бизнесмен Альберт Назаров өз үйінің маңында атып кеткен. Қылмыс барысы сырттағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Дәл сол кезде киллер "велосипед мінген киллер" атына ие болған.

2013 жыл. Қылмыс орны: Видеодан кадр Life.ru

2013 жыл. Қылмыс орны: Видеодан кадр Life.ru

Полиция базасына рұқсаты бар инсайдерлер қазір Красиковтың ресейлік ІІМ деректерінде жоқ екенін айтады. Дегенмен, оффлайн базада 2015 жылы тоқтатылған іздеу жұмыстары жөнінде ақпарат бар. Ал қалғандары өшірілген.

Басылым аталған жағдайлар Красиковтың ресейлік билікпен байланысын көрсетеді деп отыр. Алғашында істі "криминалды кикілжің" деп есептеген Германия да мұны мойындай бастапты. Ал қазір тергеу жұмысымен Федералды прокуратура айналысуда.

Зелимхан Хангошвили. Фото: bellingcat.com

Зелимхан Хангошвили. Фото: bellingcat.com

"Вадим Соколовтың" Вадим Красиков екенін БАҚ өкілдері Интерпол мұрағатындағы суреттерді салыстыру арқылы анықтады. Ол Германияда Зелимхан Хангошвилидің өлімінен кейін тараған суретке 80% ұқсас болып шықты.

Фото: bellingcat.com

Фото: bellingcat.com

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel