RU
Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлері қанша жалақы алатынын мәлімдеді

Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлері қанша жалақы алатынын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлерінің жалақысы қанша екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Келімбетов. Фото: Ақорда

Қайрат Келімбетов. Фото: Ақорда

Келімбетовтің сөзінше, орталық қызметкерлері "Бәйтерек" холдингі қызметкерлерінің еңбекақысымен сәйкес келетін жалақы алады. "Астана" халықаралық қаржы орталығында бонустар төлеу көзделмеген.

АХҚО-дағы басқару қызметкерлерінің орташа жалақысы шамамен 5 мың долларды немесе 1,9 млн теңгені құрайды.

Осылайша, орталықтағы қаржы туралы сөз еткен Қайрат Келімбетков ел тұрғындарына бағалы қағаздарға инвестиция салуға кеңес берді. Мұны биржа арқылы жасауға болады.

Сондай-ақ, оның ойынша, қазақстандықтар АХҚО жаңалықтарын бақылап, "Қазмұнайгаз" компаниясындағы IPO-ға дайындалуы тиіс.

Осыған дейін жалақы туралы сұраққа еліміздегі вице-министрлер мен өңір әкімдері жауап берген болатын. Олардың жауаптарына сәйкес, орташа есепте министр орынбасарларының қолына 640 және 650 мың теңге тиеді. Ал облыс басшыларының жалақысы одан жоғары. Олар орташа есепте 700-760 мың теңге айлық алады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін биыл депутат атанған актер Нұрлан Әлімжанов қанша жалақы алатынын айтқан еді. Жақында ғана жаңа қызметке кіріскен ол өнерді тастамайтынын да тілге тиек етті.

Сіздің реакцияңыз
1
3
3
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel