RU
Төреғали Төреәлі өзінен айнымайтын егізін көрсетті (видео)

Төреғали Төреәлі өзінен айнымайтын егізін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі өзінен айнымай қалған егізін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Әнші желіде өзіне қатты ұқсайтын кішкентай баламен түскен видеосын жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Төреғали Төреәлі өзінің кішкентай көшірмесін Instagram парақшасында көрсетті.

Өнер иесі жариялаған бейнежазбада өзінен айнымайтын баланы құшақтап, оған ағалық тілегін білдіріп жатқанын көруге болады.

Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызы жеткіншекке өзінің көзілдірігін сыйға тартқан. Төреғалимен кездескеніне қуанған жасөспірім болса, әншіге алғысын білдіріп онымен қауышуды аса қатты армандағанын жасырмады.

"Мен сізбен кездесу үшін барлық ән байқауларын қатыстым. Сізді көргеніме қатты қуаныштымын" , - деді ол.

Желі қолданушылары аталмыш видеоны бірден қызу талқыға салып, әнші мен кішкентай баланың өзара қатты ұқсас екенін жарыса жазуда.

"Өзіңізге қатты ұқсайды екен" , "Сіздің кішкентай көшірмеңіз ғой" , "недеген ұқсастық, балаңыз емес пе?" , "Балақай айнымайды екен сізден" , "Көшірмең ғой таза", "Біздің ауылдың баласы, аты Ержан. Ол да әнші " , "Сізден айнымайды екен расында. Жолыңызды берсін бүлдіршінге" , "Армандар орындалады деген рас екен" , "Егізіңіз ғой" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel