RU
Әкесі алтыншы "Алтын допты" алғанда қуанған Мессидің ұлы желіде хит болды

Әкесі алтыншы "Алтын допты" алғанда қуанған Мессидің ұлы желіде хит болды

Рассказать Вконтакте

Екінші желтоқсан күні Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубының капитаны Лионель Месси "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алып, футбол тарихында абсолютті рекорд орнатты. Мерекелік іс-шарада Матеоның әкесінің жетістігіне қуанған сәті тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Әлемнің үздік ойыншысын анықтайтын шараға Месси жары мен балаларын ерте келген.

Оған "Алтын допты" мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич табыс етті.

Видео кадрында, аргентиналық 2015 жылдан бері бұл жүлдені алмаса да, марапатты ұсыну сәтінде өзін салмақты ұстағаны көрінеді.

Ал Мессидің баласы Матеоның әкесінің жетістігіне қуанып, бір орнында отыра алмай, эмоциясына ерік бергенін видеодан анық байқауға болады.

Оның әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен таралды.

Еске сала кетсек, Месси мансабындағы алтыншы "Алтын добын" жеңіп алды.

Мерекелік іс-шара Францияның астанасында өтті.

Eurosport.ru басылымының мәліметінше, Месси басты қарсыластары Вирджил ван Дейк пен Криштиану Роналдудан көп дауыс жинаған.

"Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы жылдың үздік футболшысын анықтау кешіне келмегені белгілі болды.

Ал өткен маусымның үздік қақпашысына берілетін марапатқа "Ливерпуль" қақпашысы Алиссон Беккер ие болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel