RU
Алматыдағы балалар ауруханасында 3 сағат бойы кезек күткен ата-аналар шу шығарды (фото, видео)

Алматыдағы балалар ауруханасында 3 сағат бойы кезек күткен ата-аналар шу шығарды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміндегі ұзын-сонар кезек ата-аналардың ашуын туғызды. Бұқар жырау мен Манас көшелерінің қиылысындағы ауруханаға келушілер сырқат балаларымен бірге дәрігердің қабылдауын сағаттап күтуге мәжбүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ауруханадағы жағдай. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ауруханадағы жағдай. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жедел жәрдем арқылы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген сәбилер дәрігердің қабылдауына кіру үшін кемінде үш сағат күтеді.

Мұнда сырқат балаларды қарауға арналған 14 бокс (кабинет) бар. Алайда, 14 бокс пен сәт сайын көбейіп жатқан балаларды қарауға небәрі 4 дәрігер бөлінген.

Алматылық Әсем Тұрғанбаеваның үш айлық сәбиімен кезек күткеніне үш сағаттан асқан. Өкпесі сырылдап, тамақ ішпей, әбден мазасызданған баланы жедел жәрдем бірден ауруханаға әкеледі. Бірақ дәрігерлер сәбиді үш сағаттан соң қабылдады.

Ауруханадағы жағдай. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ауруханадағы жағдай. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Мұндай сұмдық қай елде бар? Қаладағы Денсаулық сақтау басқармасы не тындырып отыр? Үш айлық ұлымның өкпесі сырылдап, мазасы қашып, қызуы көтеріліп тұр. Ал менің кезек күткеніме екі жарым сағат болды. Бір кабинет босап, сонда кіргізіп жіберген. Бірақ бөлмеге кірген соң да дәрігерді бір сағаттай күттім. Бұл не масқара? Неге ешқандай жүйе жоқ?", - дейді ашынған Әсем.

Ал Эльмира Телеуова дене қызуы жоғарылаған қызымен бірге ауруханада таңнан бері жүр. Дәрігерлердің жетіспеушілігінен сырқат сәбиді төрт сағаттан аса уақыт бойы қабылдамаған.

"Мен мұнда таңнан бері жүрмін. Қызымды дәрігерлер қарамайды. Сағаттап күтуден шаршадым", - дейді ол.
Ауруханадағы жағдай. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ауруханадағы жағдай. Фото: KAZ.NUR.KZ

Мүлде жылжымайтын ұзын-сонар кезектен балалар ғана емес, ата-аналар да шаршады.

Олар аурухана қызметкерлеріне дауыс көтеріп, шу шығарып, ақ халаттылар санын көбейтуді сұрады. Ал қызметкерлер болса, қолдан келер қайран жоқтығын айтып, барлық мәселені басшылыққа жеткізіңдер деумен шектелді.

"Ауруханадағы кабинеттер саны үлкейгенімен, штат сол қалпында қалған. Штат аз. Кадр жетпейді. Сол себепті, дәрігерлерге кінә тағудың қажеті жоқ. Бар мәселені басшылыққа, тіпті, денсаулық сақтау министрлігіне айтыңдар", - дейді атын атамауды өтінген аурухана қызметкерлерінің бірі.

Қабылдау бөлімінде талон тарататын Рано есімді медбике де штаттағы қызметкерлердің түгел жұмыста екенін, адам санының аздығынан осындай жағдайлар кездесетінін айтады.

Ал балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Уалиева Айнұр Нұргелдіқызы мұндай кезек күнде болмайтынын тілге тиек етті. Ол аурухана халыққа күндіз-түні қызмет ететінін де атап өтті.

"Біздің аурухана 1980 жылдары салынған. Қаладағы жалғыз аурухана. Тәулік бойы жұмыс істейді. Мұндай жағдай күнде болып тұрмайды. Бұл маусымдық жағдай. Басқа ауруханалар жұмыс істемеген күндері, сенбі-жексенбіде, мерекеде адамдар көп келеді. Сол уақытта біз қабылдау бөлімінің жұмысын күшейтеміз. Нақтырақ айтқанда, тек қабылдау бөлімінде бес инфекционист дәрігер, қалалық ауруханалардан екі дәрігер, бес мейірбике жұмысқа шығады. Біздің дәрігерлер үшін сенбі жоқ. Реаниматолог дәрігерлер, түнде кезекшілер қызмет атқарады",- деді ол.

Айнұр Нұргелдіқызының сөзінше, 2 желтоқсаннан бастап қалалық денсаулық басқармасының жарлығымен аталған ауруханаға түскен ауыртпалықты азайту үшін №2 қалалық балалар ауруханасында ЖРВИ, бронхит және пневмониямен Әуезов ауданында тұратын балаларды қабылдау басталған.

"Жылына 85 мың бала келеді. Соның көмекке мұқтаж 25 мыңын стационарға жатқызамыз. Қалғанына консультация беру арқылы көмек көрсетеміз. Бұл қалалық аурухана болғанымен, облыстан да келетіндер көп. Ал халық бізге сенгендіктен, көп жүгінеді. Екі жыл бұрын қабылдау бөлімінде екі-ақ дәрігер болды. Олар үлгеретін. Ал қазір халық көп. Сондықтан, үшке көбейттік, кейіннен төртке, енді беске көбейтіп отырмыз.
Мәселе кадр жетіспеушілігінде емес, халық көп жүгінеді. Қабылдау бөлімі 3H жүйесімен жұмыс істейді. Қызыл, сары және жасылға әкімші-мейірбике бөледі. Қызыл болса, шұғыл көмек көрсетіледі. Сондықтан, оларды күттірмейміз. Ал сары болса, орташа ауыр деп бағаланады. Олар күте алады. Жасыл түс болса, кеңес алған соң үйге қайтарылады. Сондықтан, шұғыл түрде көмек қажет болмаған адамдар азғантай уақыт күте тұрады",- деді бас дәрігердің орынбасары.

Сіздің реакцияңыз
6
0
4
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel