RU
Тоқаев: Біз Қырымда аннексия болды деп есептемейміз

Тоқаев: Біз Қырымда аннексия болды деп есептемейміз

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle телеарнасына сұхбат беріп, оны Украинадағы жағдайлар қорқытпайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

5-6 желтоқсанда Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында Тоқаев Жанна Немцовамен сұхбаттасып, Украинадағы оқиғаларға өзінің көзқарасы туралы айтты.

Журналист мемлекет басшысына Қазақстан билігі Украинадағы жағдайлардан, дәлірек Кырымдағы аннексия мен елдің шығысындағы соғыстан қорықпады ма деген сауал қойды.

Тоқаев өз кезегінде Қазақстан Қырымда аннексия болды деп есептемейтінін алға тартты.

"Біріншіден, біз Қырымда аннексия болды деп айта алмаймыз. Болар нәрсе болды. Аннексия - Қырымға қатысты қолданылатын ең ауыр сөз.

Екіншіден, сіз айтқандай қорқыныш болмады, өйткені біз, жоғарыда айтқанымдай, Ресеймен сенімді, тату көршілік қатынастамыз. Әу бастан-ақ біз Ресей басшылығының даналығы мен әдептілігіне сендік. Минск келіссөздері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен басталғанын еске салғым келеді.

Рас, сол кезде ол Астанада өткізу туралы ұсыныс жасады, бірақ логистика мен Еуропадан алыстығына байланысты бұл келіссөздерді Минскіде өткізу туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі таңда Минск келісімдері, шын мәнінде, Украинадағы қақтығыстың реттелуіне әкелетін жалғыз заңды құжат", - деді мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel