RU
Шымкентте жас әйел өз-өзін өртеп жіберді

Шымкентте жас әйел өз-өзін өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Шымкент маңындағы Тассай ауылында 3-желтоқсан күні өз-өзіне қол салу дерегі тіркелді. Күндізгі сағат 16.00 шамасында жас әйел үстіне тез жанғыш сұйықтық құйып, жағып жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Болжам бойынша, сұйықтық - бензин немесе керосин болуы мүмкін. Жақын жердегі тұрғындар жанып жатқан отты бірден байқаған. Мән-жайды түсінген олар келіншекке бірден көмекке жүгінген. Қызыл жалын тез арада сөндірілген. Зардап шегушіге жедел жәрдем шақырылған.

Суицид жасаған әйел аса ауыр жағдайда күйік орталығына дереу жатқызылған. Қазір ол жансауқтау бөлімінде, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

"Жанын қимақ болған адамның кім екені анықталды. Ол 1988 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Болжам бойынша, өз-өзіне қол салуыға жеке өміріндегі қиындықтар себеп болған.
Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 105 (өз-өзіне қол салуға итермелеу) бабымен қарастырылған қылмыс жасау негіздері бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.
По данному факту полиция возбудила уголовное расследование по признакам совершения преступления, предусмотренного статьей 105 Уголовного кодекса РК (доведение до самоубийства)", - сообщили в пресс-службе департамента полиции Шымкента.

Оқиғаға байланысты барлық жағдайлар анықталуда, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ай басынан бері Шымкенттегі екінші суицид оқиғасы.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel