RU
Қазақстандықтар inbusiness.kz арқылы үздік банкті анықтайды

Қазақстандықтар inbusiness.kz арқылы үздік банкті анықтайды

Рассказать Вконтакте

Ақпараттық агенттік қаржы институттарының рейтингіне арналған айдар ашты. Inbusiness.kz екінші деңгейлі банктердің клиенттеріне Қазақстанның үздік қаржы институтын анықтау мүмкіндігін ұсынды. Ел азаматтары 10 аталым бойынша дауыс беріп, 28 банктің ішінен ең үздігін таңдауға қол жеткізді.

Қазақстандықтар үздік банкті inbusiness. kz арқылы анықтайды

Inbusiness.kz ақпараттық агенттігінің директоры Мира Халинаның айтуынша, банктердің қызмет көрсету сапасы, табыстылығы, тұрақтылығы, жылдамдығы, мобильді банкингтің мүмкіндігі сынды сапалық көрсеткіштері сарапқа салынады. Оқырмандар сайт арқылы екінші деңгейлі банктерге дауыс береді. Атап көрсетерлігі, бір адам бір-ақ рет таңдау жасайды. Жүйе бір адамға екі немесе одан көп дауыс бергізбейді. 15- желтоқсанда алғашқы қорытынды жарияланады.

«Жыл соңына дейін «Рейтинг» айдарымен тағы бірнеше сауалнама ұйымдастырамыз. «Рейтинг» айдарына немесе сайттың бетінде тұрған баннерлерге батырманы бассаңыз, «Банктердің халықтық рейтингі» пайда болады. Бұл жерде дауыс берудің талабы мен тәртібі жазылған. Бұдан кейін сапалық көрсеткіштерді анықтайтын аталымдар орналастырылған. Кімге, қай банк, қай аталым бойынша ұнаса, сол банкті белгілеу керек», – деді Мира Халина.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel