RU
Мұғалімдікті тастап, блогер атанған қарағандылық шебер әйел туралы білесіз бе

Мұғалімдікті тастап, блогер атанған қарағандылық шебер әйел туралы білесіз бе

Рассказать Вконтакте

Қарағандылық Тишкүл Оспанова - жасы 56-ға келсе де, блогерлікті қолға алып, тәтті-дәмділерді пісіру арқылы табыс тауып отырған екі баланың анасы. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол мұғалімдікті тастап, жастардан қалыспай, блогерлікке бет бұруының себебін айтты.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

- Өзіңіз бен отбасыңызды оқырмандарға таныстырып өтсеңіз?

Аты-жөнім Оспанова Тишкүл. 56 жастамын. Қарағанды облысы Ақшатау кентінде дүниеге келгенмін. Қарағанды қаласында 30 жылдай тұрып, биыл шілде айында Алматыға көшіп келдік. Отбасымда бесеуміз: жолдасым, ұлым, келінім, қызым.

- Тоқыма өнерін қолға алған екенсіз? Оны қайдан үйрендіңіз? Бұрыннан бері шұғылданатын ба едіңіз?

Тоқыманы мектеп жасымнан жақсы көрдім. Журналдардан қарап өз бетімше үйрендім. Осыдан 5 жыл бұрын қазіргі сәндегі кардигандар, жейделер, аяқ-киімдерді тапсырыспен тоқыдым. Тоқымадан мастер классым да бар. Қазір тоқымаға тапсырыс қабылдап жатқан жоқпын, себебі, тағы бір xоббиім десем де болады, тәттілер пісіруге бет бұрдым.

- Қазір шыны керек блогерлікке, желі арқылы табыс табуда жастар жағы белсенділік танытып жатады. Өзіңіздің фудблогерлікке бет бұрғаныңызды көріп таң қалдық. Ай сайын қанша табыс табасыз?

Инстаграмда жастардың торт пісіріп, бизнес жасап жатқанын байқап, қызығушылық пайда болды. Оған дейін отбасыма ғана пісіріп жүргенмін. Жастармен жағаласып мен де торттардың шеберлік сабағына қатыста бастадым.

Алғашқыда жасым болса біразға келіп қалды деп ұялғаным рас, бірақ, жүрегім қалап тұрғантықтан өзімді тоқтатпадым.
Парақшама қойған тәттілерімді көрген қыз-келіншектер үйренгісі келіп, қолқа салды. Бір жыл бұрын өзім шеберлік сабағын жүргізе бастадым, әлі күнге дейін жүргізіп келемін.

Менің арманым, өзімнің қолымнан келген өнерді басқаларға үйретіп, соның нәтижесін көру. Шүкір, көріп жатырмын. Қатысушы қыздарым үйреніп, табыс көзіне айналдырып жатыр.

Айлық табысыма келсем, Аллаға шүкір, адал еңбегіммен бірнеше нольден тұратын табысты үйде отырып тауып отырмын.

- Өз мамандығыңыз бойынша жұмыс жасап көрмедіңіз бе? Оны сағынбайсыз ба?

Негізгі мамандығым - математика, физика пәнінің мұғалімі. Диплом алған соң 2-3 жыл мектепте сабақ бердім. Кейін Қарағандыға көшіп, қалада мектепте орын болмағандықтан, балабақшада тәрбиеші болып істедім.

Әрине сағынамын, себебі математика пәнін керемет жақсы көрдім, есеп шығарудан алыстап кетемін деген ойыма келген де емес. Мектепте істеп жүрген курстастарыма да қызығатын кездерім болады, бірақ, әр істің қайыры бар ғой.

- Өзіңіз сияқты замандастарыңызға айтар ақыл-кеңесіңіз?

Негізі бір нәрсені үйреніп, соған бет бұруға жас ерекшелігің ешқандай кедергі жасамайды деп ойлаймын. Әр адамның бойында талант бар. Ол талантты ашу әркімнің өз қолында, сондықтан замандастарыма айтарым, қазір керемет заманда өмір сүріп жатырмыз, инстаграмда үйретушілер көп, соның ішінен жүректеріңіз қалаған істі жасқа қарамай үйреніп алып, қосымша табыс көзіне айналдыруларыңызға болады.

Менің білгенімнен білмегенім көп, шынымды айтсам, жасымның нешеде екенін де ұмытып кетемін кейде. Үнемі ізденіс үстіндемін, жаңалықтан кеш қалғым келмейді, армандарым көп.

Сіздерге де соны тілеймін, бала- шағамызды, жақындарымызды қуанту үшін қолдымыздан келгеннің бәрін жасайық, замандастар!

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel