Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Реимов қайтадан қамауға алынды

Опубликовано:

Алматыда "Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтың тұтқындалуына қатысты аппеляциялық сот отырысы өтті. Бұған дейін күдіктінің кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын жою туралы өтініш түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Реимов (сол жақта). Фото: NUR.KZ
Қайрат Реимов (сол жақта). Фото: NUR.KZ: Original

Процестің жабық өтетініне сүйеніп, жиналған журналистерді сот залына кіргізбеді.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін судья қамауға алуды 25 миллион теңге көлемінде кепілдікке ауыстыруға қатысты бұлтартпау шарасы туралы шешімнің күшін жойды.

"Кепілдік көлемін анықтауды жою. Шешім заңды күшіне енеді. Қайта шағымдануға жатпайды", - деді судья.

Одан бөлек, 1 желтоқсанда кепілдікпен босату туралы шешім заңсыз деп танылды.

Қайрат Реимов (сол жақта). Фото: NUR.KZ
Қайрат Реимов (сол жақта). Фото: NUR.KZ: Original

Сот алқасы Алматы қаласы прокуратурасы мен Алматы қаласының полиция департаментінің назарын Алматы қалалық ішкі істер департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өрескел бұзғандығына аудару туралы шешім шығарған.

Күдіктінің адвокаты Джохар Өтебеков кепілдің күшін жоюға Рейимовтің сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялап, БАҚ бетіне шығуы себеп болған.

"Меніңше, әркім заңды жолмен ақпаратты таратуға және кез-келген заңды жолмен, соның ішінде халыққа үндеу жолымен өзін қорғауға құқылы болғандықтан бұл шешім негізсіз. Сотқа дейінгі тергеу материалдарында мемлекеттік немесе интимді құпия болған жоқ. Мұнда кәдуілгі коммерциялық дау, - деді Өтебеков.

Оның сөзінше, адвокаттар министр Тұрғымбаевтың қабылдауында болған.

"Министр бізді естіді, экономикалық сараптама жүргізіп, іс бойынша тексеруді аяқтауға келісті", - деді адвокат.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Еске сала кетейік, 27 қараша күні кешке оңтүстік астанада өткен баспасөз конференциясында "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтің ұсталғаны белгілі болды.

Алдын ала тараған ақпараттарға сәйкес, ол аса ірі көлемде алаяқтық әрекетін жасаған деп күдіктеліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, 25 миллион теңге төлеп, кепілдікпен бостандыққа шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830380-kajrat-reimov-kajtadan-kamauga-alyndy/

pixel