Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Тұмау тигенде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма

Опубликовано:

Ғалымдар адамдар сырқаттанғанда жыныстық қатынасқа жиі түсетінін мәлім еткен. Алайда белгілі болғандай науқастанған сәтте, әсіресе тұмау тигенде жыныстық қатынасқа түспеген дұрыс екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ unian.net-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ғалымдар тұмауратқан уақытта жыныстық қатынасқа түспеген дұрыс деген кеңес айтып отыр. Олардың айтуынша респираторлық аурулар жыныстық қатынас арқылы жұқпаса да, ол адам сілекейі немесе тер арқылы жұғуы мүмкін екен.

Мамандардың сөзінше, тұмау тиген уақытта жыныстық қатынасқа түскен күннің өзінде сүйісуге, түшкіруге және жөтелуге жол бермеген дұрыс екен. Олар тіпті ерлі-зайыптылар тілдескен сәтте де, бір-бірінен алыс болғандары жөн деп отыр.

Мамандардың пікірінше тұмауратқан кезде жыныстық қатынаспен айналыспаған жөн екен. Себебі ауру жыныстық қатынасқа түсетін серіктеске жұғып, оның денсаулығының нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін екен.

Зерттеушілер әсіресе тұмаудың алғашқы күндері жақындаспаған жөн дейді. Себебі алғашқы күндері тұмауды жұқтыру қаупі көп көрінеді.

Сонымен бірге олар адамдар тұмау инфекциясын өзі ауырғанын білгенге дейін 24 сағат ішінде өзгелерге жиі жұқтыратынын дәлелдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830386-18-tmau-tigende-zynystyk-katynaska-tsuge-bola-ma/

pixel