RU
"Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі": Тоқаев ресми сапармен Германияға бармақ

"Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі": Тоқаев ресми сапармен Германияға бармақ

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5-6 желтоқсанда Германия Федеративтік республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ангела Меркель мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: kremlin.ru, Ақорда. Коллаж: NUR.KZ

Ангела Меркель мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: kremlin.ru, Ақорда. Коллаж: NUR.KZ

Баспасөз хатшысының мәліметінше, сапар барысында Канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған.

Сонымен қатар сапар бағдарламасына мемлекет басшысының президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, "Германия – Орталық Азия" парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады.

Сондай-ақ, неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда ғана мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барған еді.

Президентті Бішкектің "Манас" халықаралық әуежайынан қырғыз президентінің өзі Сооронбай Жээнбеков қарсы алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel