RU
Қазақстандық жомарт жан Мадияр Әшкеевке темір тұлпар мінгізді (видео)

Қазақстандық жомарт жан Мадияр Әшкеевке темір тұлпар мінгізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық жомарт жандардың бірі кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевке Toyota көлігін сыйға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Темір тұлпарды сыйға алғаны жайлы қуанышты жаңалықпен боксшының өзі Instagram парақшасында бөліскен.

"Ассалауағалейкум Қазақ Елі! Бүгін қазақ спортшыларының шын жанкүйері әрі қолдаушысы болып жүрген Қайрат ағамыз тосын сый жасап, "Тойота" темір тұлпарын тарту етті! Бұл жалпы қазақ жігіттеріне көрсетілген құрмет деп қабылдадым!", - деп жазды Мадияр Әшкеев.

Ал желі қолданушылары болса, су жаңа көлікке ие болған боксшыға деген құттықтаулары мен жылы лебіздерін жарыса жазуда.

Айта кетейік, кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген Мадияр Әшкеев мансабында әлі жеңіліс таппаған.

Ол соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Родольфо Мартинеске қарсы шығып, оны жеңген болатын. Боксшы 14-ші жеңісін қазақ еліне арнағанын да айта кеткен.

"Мені жеңіске жеткізген - төккен терім, қазақтың намысы мен елдің қолдауы! Жаңа WBC (USNBC) чемпиондық белбеуі маған үлкен жол ашады! 2020 жылы бірінші орта салмақтағы негізгі титулдар жолында тек үздіктермен жекпе-жекке шыққым келеді!", - деген еді Мадияр.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel