Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдумен бірге суретке түскен GGG жанкүйерлерін қызықтырды

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерін жаңа жобасымен қызықтырып қойды. Ол желіде әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналдумен түскен суретін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/cristiano
Фото: Instagram/cristiano: UGC

Боксшы Instgram желісіндегі парақшасында атақты футболшымен түскен суретін жүктеп, DAZN компаниясының ерекше жобасына дайындалып жатқанын білдірді.

GGG Италияның Турин қаласында екенін де атап өтті.

Кадрдан Роналдудың бокс қолғабын, ал Головкиннің "Ювентустің" спорттық киімін қолына ұстап тұрғанын байқауға болады.

Сондай-ақ, қос спортшының артқы жағында шаршы алаң орналасқаны да фотода көрінеді.

Осы суреттерді футболдан әлем жұлдызы да жеке парақшасында жариялауды ұмытпады.

"Досымыз екеуміз DAZN-ге арналған қызықты жаңа жобамен жұмыс істеп жатырмыз. GGG сені көргеніме қуаныштымын!", - деді Роналду.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін DAZN Головкин мен Альварестің жекпе-жегін өткізу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарланған болатын.

Содан кейін стримингтік платформаның басшылығы келесі жылдың мамыр айында мексикалық спортшы мен GGG кездесуін талап етеді деген ақпарат болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1830433-ronaldumen-birge-suretke-tsken-ggg-zankjerlerin-kyzyktyryp-kojdy/

pixel