RU
Шымкенттегі кафеден ер адамның мәйіті табылды

Шымкенттегі кафеден ер адамның мәйіті табылды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі кафелердің бірінде ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның тұлғасы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Журналистерге белгілі болғандай, жазда аталған кафеде жөндеу жұмыстары жүргізілген, бірақ ғимарат әлі ашылмаған. Ал оның иелері мүлде қалада емес болып шықты.

БАҚ өкілдерімен кафенің маңында орналасқан дүкен иесі тілдесті.

Оның сөзінше, қаңыраған ғимаратта үнемі үйсіз азаматтар түнеген. Ал келіншек дүкенге ұрылар түскендіктен, кафеге жиі барып тұрған. Дәл сол әйел де ер адамның мәйітін анықтаған.

Басылымның ақпаратына сәйкес, азаматты өлтіріп кеткен болуы мүмкін. Ал қылмыс жасалуы мүмкін қару- қанға боялған пышақ кафеның артқы алаңынан табылған.

Шымкент қаласы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап, марқұмның Түркістан облысы тұрғыны болғанын айтты. Оның жасы 35-40 шамасында.

Қазір "Кісі өлімі" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары сараптамалар тағайындалып, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтан полицейлері көлік ішінен шықпай, тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған мас жүргізушіні сыртқа шығаруға тырысқан. Куәгерлер оқиғаны камераға түсіріп алып, әлеуметтік желіде бөліскен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel