RU
Жаңаөзенде 15 жастағы жігіт адам өлтіргені үшін 9 жылға абақтыға қамалды

Жаңаөзенде 15 жасар бала адам өлтіргені үшін тоғыз жылға абақтыға қамалды

Рассказать Вконтакте

Жаңаөзенде өзімен құрдас жасөспірімді өлтіргені үшін 15 жастағы жігіт 9 жылға абақтыға қамалды. Қанды оқиға екі ықшам аудандағы жоғары сынып оқушыларының жаппай төбелесі кезінде болған. Ал кінәлі деп танылған баланың анасы сот үкімімен келіспей отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ "Астана" телеарнасы

Фото: Видеодан кадр/ "Астана" телеарнасы

Бастапқыда тек сөзге келіп қалған жасөспірімдердің кикілжіңі жаппай төбелеске ұласқан. Салдарынан екі жоғары сынып оқушысы ауруханаға түсіп, біреуі қайтыс болады. Қақтығыста ондаған оқушы бой көрсеткенімен, сот тек бір жасөспірімге жаза тағайындады.

Ал кінәлі деп танылған жігіттің анасы бокстан ондаған кубок пен медаль алған ұлы адам пышақтауы мүмкін емес деп отыр. Ол тергеуде біршама олқылықтар кетті деп есептейді.

"Сараптама ол екенін дәлелдеген жоқ. Тек сөз арқылы шешіп отыр. Ол кім-кіммен төбелескенін білмейді. Төбелескен. Таңертең милиция келіп, біреуі қайтыс болғанын айтты. Сот шешімімен дауласамыз. Алдағы уақытта Астанаға жазамыз",- дейді Дина Қуанғалиева.

Марқұмның анасы Шолпан Меңбаева болса, сот үкімімен келісетінін айтады.

"Олар оны кінәлі емес дейді. Мен ешкімді отырғызғым келмейді. Кім кінәлі, сол жауап берсін. Бірақ, мен үкіммен келісемін. Өйткені, барлығы оның пышақ сұққанын көрген. Ол досына пышақ салғанын айтып, хабарлама жазған",- дейді ол.

Қайтыс болған Қанағат Шолпанның төрт баласының үшіншісі. Ол домбырада ойнауды ұнатқан, болашақта сәулетші болуды жоспарлап жүрген.

Сотталушы жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа режимдегі колонияда өтейді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel