RU

Навальный: Медведевтің әйелі 50 млн доллар тұратын жеке ұшақпен ұшады

Рассказать Вконтакте

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің әйелі 50 миллион доллар тұратын Bombardier Global Express 5000 жеке ұшағын қолданады. Бизнес-джет бұған дейін ВТБ банктің құрамында болған Белиздегі компанияға тіркелген. Бұл мәлімет Алексей Навальныйдың 4 желтоқсанда жарияланған зерттеуінде айтылған деп жазады Centralasian.org.

навальный

Фото: Centralasian.org.

Навальный бұл ұшақтың ұшуларын Медведеваның сапарларымен салыстырып, ұшақ Медведева барған жерге ұшып баратынын анықтапты.

Сонымен қатар, ұшақтың Еуропаға және Нижегородск облысындағы әскери базаға жиі тоқтайтыны белгілі болған. Навальный кем дегенде 11 ұқсастық тапқан.

Кіріс декларациясына сәйкес, Ресей премьер-министрі 2018 жылы 10 миллион рубль тапқан. Ал Светлана Медведеваның кірісі "нөл" деп көрсетілген.

Айта кетерлігі, бизнес-джетті жалға алудың әр бағасы кемінде 7-10 мың доллар тұрады екен.

Навальный премьер-министрдің жұбайына жеке ұшақ бөлінбегенін де атап өткен. Ал бизнес-джетті қолдану сыбайлас жемқорлықпен байланысты болуы әбден мүмкін деп есептейді.

Навальный журналистерді 5 желтоқсанда өтетін баспасөз мәслихатында Дмитрий Медведевтен жеке ұшақ туралы сұрауға ұсыныс білдірді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Навальный: Медведевтің әйелі 50 млн доллар тұратын жеке ұшақпен ұшады
Mailfire view pixel