RU

Павлодарда тұрғындар мен жүргізушілер әкімді "өтірік айтқаны" үшін айыптады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар әкімі қалада тұрғындарға арналған қоғамдық көлік жетіспеушілігі мәселесі жоқ екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Қала басшысы таңертең қаланы айналып шыққанын, алайда көп жолаушыларды кездестірмегенін айтты.

"Адамдар аялдамада көп тұратын болса - бұл мәселе. Бірақ бүгін аялдамаларда адамдардың жоқ екенін көріп отырмыз. Біздің қаламызда мұндай проблема жоқ. Әрқашан объективті ақпарат беру керек, объективті қарау керек", - деді Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов.

Алайда, автобус жүргізушілері мен қала тұрғындары әкімнің мұндай мәлімдемесімен келіспейтіндерін жеткізді.

Олар әкімнің жолаушыларды тасымалдау қызметі жақсы деңгейде деген пікіріне қала аялдамаларында түсірілген видео арқылы жауап берді.

Кадрлардан жұмысқа дейінгі және жұмыстан кейінгі уақыттарда автобустың іші лық толатындығын көруге болады.

Осы мәселені шешу мақсатында қоғамдық көліктің жүргізушілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратураға арыз жазған.

Белгілі болғандай, 2019 жылдың қараша айында маршруттық автобус жүргізушілері күту уақыты 5-тен 8 минутқа дейін артқаны туралы хабарлады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда тұрғындар мен жүргізушілер әкімді "өтірік айтқаны" үшін айыптады (видео)
Mailfire view pixel