Выйти
RU

Тоқаев Қытайдағы этникалық қазақтарға қатысты пікір білдірді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы қазақтар мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол этникалық қазақтарды лагерьлерге қамау жөніндегі ақпарат Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының салдары екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Видеодан кадр/ Youtube

"Көптеген бұқаралық ақпарат құралы Шыңжаңда саяси тәрбиелеу лагерьлері бар екенін жазды. Ол жерде ислам дінін ұстанатын ұйғұрлар мен қазақтар тұрады. Осыған қатысты қытайлық тараппен келіссөз жүргізіліп жатыр ма?" ,- деп сұрады Жанна Немцова мемлекет басшысынан.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай хабар тексерісті қажет ететінін атап өтті.

"Біріншіден, Шыңжаңда Қытай Халық Республикасының азаматтары тұрады. Құқық қорғау ұйымдары этникалық қазақтардың лагерьлерге қамалуына қатысты ақпаратты таратты. Бұл мәлімет тексерісті қажет етеді. Этникалық қазақтар төңірегіндегі жағдай әдейі ушықтырылып отыр", - деді мемлекет басшысы.

Ол бұл "геосаясаттың" бөлігі болуы мүмкін деген болжамымен бөлісті. Өйткені, Қытай мен АҚШ арасында сауда соғысы туындады.

"Келіссөздер қалай аяқталады, Қытайға қарсы санкция алып тасталады ма? Мұны уақыт көрсетеді. Бірақ Қазақстан жаһандық Қытайға қарсы аймаққа айналмауы тиіс", - деді президент.

Содан соң Немцова "Сіз лагерьлер туралы ақпаратқа сенесіз бе?" деген сұрақ қойды.

"Мен бұл материалдар шындыққа жанаспайды деп ойлаймын. Мүмкін бірен-саран қазақ осы лагерьге түскен болар. Алайда халықаралық институттар мен ұйымдар көрсетіп отырғандай жағдай жоқ. Бұл, әрине, шындыққа жанаспайды", - деп жауап берді Тоқаев.

Ол халықаралық келісімге сәйкес Қазақстан мен Қытай бір-бірінің ішкі ісіне араласпайтынын жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Қытайдағы этникалық қазақтарға қатысты пікір білдірді (видео)