Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина Тоқаевтың Қырым туралы айтқанына жауап қайырды

Опубликовано:

Украинаның сыртқы істер министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырымдағы жағдай туралы айтқан пікіріне жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомство Facebook желісіндегі ресми парақшасында Украинаның сырты істер министрлігінің ресми өкілі Екатерина Зеленконың жауабын жариялады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, олардың мемлекеті барлық уақытта Қазақстанға "дос және серіктес" ретінде қараған.

Хабарламада екі ел арасындағы қарым-қатынастың басты қағидаттары өзара сыйластық, өзара сенім, тәуелсіздікті, егемендікті, мемлекет шекараларының тұтастығы мен шекараларының қол сұғылмаушылығын құрметтеу, сондай-ақ бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық заңдарды сақтау екені атап өтілген.

Алайда, Украина тарапының пікірі бойынша, Қазақстан басшысының сөздері екі ел арасындағы қатынастардың жоғарыда аталған қағидаттарына қайшы келеді, сонымен қатар олар БҰҰ Бас ассамблеясының 2014 жылғы қарарына сәйкес келмейді.

Сонымен бірге, Зеленко украин тарабы Тоқаевтың мәлімдемесінің Қазақстан мен Украина қатысатын ЕҚЫҰ отырысы қарсаңында айтылғанына қатты наразы екендігін жеткізді.

"Тиісті демарш қазақстандық тарапқа жасалады", - деп түйіндеді Украина сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle телеарнасына сұхбат беріп, оны Украинадағы жағдайлар қорқытпайтынын айтты

Журналист мемлекет басшысына "Қазақстан билігі Украинадағы жағдайлардан, атап айтқанда, Қырымдағы аннексия мен елдің шығысындағы соғыстан қорықпады ма" деген сауал қойды. Тоқаев өз кезегінде Қазақстанның Қырымда аннексия болды деп есептемейтінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830460-ukraina-tokaevty-kyrym-turaly-ajtkanyna-zauap-kajyrdy/

pixel