RU

"Аяғы ауыр болған жоқ": Түсіпбаева қызды болған Жазира туралы ойын айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева жақында ғана екінші мәрте сәбилі болған Жазира Байырбековаға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі қызды болғанын жасырып келген өнердегі әріптесінің шын мәнінде аяғы ауыр болмағанын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKz" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Меруерт Түсіпбаева қазақстандық эстраданың сүйікті жұлдызды жұбы екінші перзентін асырап алған болуы мүмкін деген болжам жасады.

"Жазирамен той-томалақтарда кездесіп тұрамыз. Біздің амандығымыз түзу. Және мен білетінім, Жазира ауыр аяқ болған жоқ. Енді аяғы ауыр адамның іші көрініп тұрады ғой. Аша Матайдікі сияқты.
Менің өз ойым, асырап алған шығар деп ойладым. Бірақ, тағы да айта кетейін, бала асырап алу деген үлкен жауапкершілік. Жазира мен Жанболат сол қызды жақсылап өсіріп, ұзататын күнге жетсін. Біз бірге жетейік" , - деді Түсіпбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира мен Жанболаттың екінші мәрте ата-ана атанғанын хабарлаған болатынбыз. Жұлдызды жұп Дара есімді қызының дүниеге келгенін біраз уақыт елден жасырып жүрген.

Күні кеше желіде Дараның бесік тойынан видео жарияланған болатын. Оны Жазираның туған сіңлісі Ләззат Байырбекова Instagram парақшасына жүктеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Аяғы ауыр болған жоқ": Түсіпбаева қызды болған Жазира туралы ойын айтты
Mailfire view pixel