RU

Өзбекстанда үш жасар қыз 15 метрлік шұңқырға құлап кетті (фото)

Өзбекстанның Науаи облысы Зарафшан қаласында үш жасар қыз 15 метрлік шұңқырға құлап кетті. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Facebook

Төтенше жағдай осы жылдың 30 қарашасында болған. Оқиға орнына тез арада ТЖМ құтқарушылары келіп жеткен. Нәтижесінде лейтенант У. Хасанов шұңқырға түсіп, баланы алып шыққан.

Құтқарылған қыз бала ауруханаға жеткізіліп, кейіннен ата-анасына оралды.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Twitter

Айта кетейік, Түркістан облысының полиция қызметкерлері мектеп оқушыларының арасында болған жанжалға қатысты тергеу жүргізуде. Жасөспірімдердің бірі араздасқан құрдасының басынан пышақпен ұрған.

Жасөспірімдерге қатысты қылмыстық істің бірі еліміздің батысында да тіркелді. Жаңаөзенде өзімен құрдас жасөспірімді өлтіргені үшін 15 жастағы жігіт 9 жылға абақтыға қамалды. Қанды оқиға екі ықшам аудандағы жоғары сынып оқушыларының жаппай төбелесі кезінде болған.

Ал кінәлі деп танылған баланың анасы сот үкімімен келіспей отыр. Ол бокстан ондаған кубок пен медаль алған ұлы адам пышақтауы мүмкін емес дейді. Келіншектің сөзінше, тергеуде біршама олқылықтар кеткен. Қайтыс болған Қанағат Шолпанның төрт баласының үшіншісі. Ол домбырада ойнауды ұнатқан, болашақта сәулетші болуды жоспарлап жүрген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830465-zbekstanda-s-zasar-kyz-15-metrlik-skyrga-klap-ketti-foto.html