Выйти
RU

Зеленскийдің "егізі" киноға түсуді бастап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзбекстандық "егізі" киноға түсуді бастап кетті. Ол ресейлік телехикаялардың бірінде басты рөлді сомдайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сa-news.org сайтына сілтеме жасап.

Умид Исабоев. Фото: ca-news.org

Умид Исабоев. Фото: ca-news.org

Өзбекстан азаматы Умид Исабоевтың кино әлеміндегі өмірі басталды. Ол "Слуга народа" телехикасының ресейлік нұсқасында басты рөлді сомдамақ.

Оның қатысуымен сахналанған кадрларды Mash Telegram арнасы жариялаған.

Умид Исабоев түсірілім алаңына жан-тәнімен беріліп, актерлік шеберліктің қыр-сырын меңгеруде. Оған Украина көшбасшысының рөлі бұйырған.

"Слуга народа" украиналық танымал телехикая. Енді ресейліктер туындының көп бөлімді нұсқасы Ялтада түсіріліп жатыр. Аталмыш телехикая төрт бөлімді болатыны айтылды. Сонымен қатар, бұл телеөнім Украинадағы заманауи өмірді сипаттап, комедия жанрында түсірілмек.

Еске сала кетсек, Украина президентінің сыңары Мәскеуден табылған еді. Умид Исабоев көлік сырлаушы болып еңбек етіп, Ресейде әйелі және балаларымен тұрған.

Оның суреті әлеуметтік желіде тарағаннан кейін, ер адам танымалдылыққа ие болды.

Умидке ресейлік телехикаяда, сондай-ақ Зеленскийдің орнына "Квартал-95" фильмінде ойнауға ұсыныс түскен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Зеленскийдің "егізі" киноға түсуді бастап кетті
Mailfire view pixel