RU
Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығының терезесінен құлап кетті (фото)

Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығының терезесінен құлап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанадағы "Нұрлы Тау" бизнес орталығында қайғылы жағдай орын алды. Куәгерлердің сөзінше, ер адам ғимарат терезесінен құлап, көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Куәгерлер

Фото: Куәгерлер

Оқиға орнында болған куәгерлердің сөзінше, ол корпустардың бірінің шатырынан құлаған болуы мүмкін.

Қазір ғимарат маңында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Сонымен қатар, оқиға орнында жедел жәрдем және жедел медициналық көмек бригадасы бар.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы NUR.KZ тілшісіне аталған фактіні растады. Құлаған азамат ақ халаттылар келгенше көз жұмған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі де марқұмның биіктен құлағанын мәлімдеді. Қайғылы жағдай орын алған жерде МКҚ, ТЖАБ, ПД қызметі жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта жағдай егжей-тегжейлі анықталып жатыр.

Айта кетейік, Шымкент маңындағы Тассай ауылында 3 желтоқсан күні өз-өзіне қол салу дерегі тіркелді. Күндізгі сағат 16.00 шамасында жас әйел үстіне тез жанғыш сұйықтық құйып, жағып жіберген. Болжам бойынша, сұйықтық - бензин немесе керосин болуы мүмкін. Жақын жердегі тұрғындар жанып жатқан отты бірден байқаған.

Мән-жайды түсінген олар келіншекке бірден көмекке жүгініп, қызыл жалын тез арада сөндірілген. Зардап шегушіге жедел жәрдем шақырылған. Қазір ол жансауқтау бөлімінде, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel