RU

Тәжікстанда әкесі зорлаған бойжеткен суға батып кетпек болған

Telegram logo VKontakte logo

Тәжікстанның Худжан қаласында жергілікті тұрғын туған қызын зорлады деп күдіктелуде. 19 жастағы ару көпірден секіріп кетуге тырысқан жерінен құтқарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тәжікстанда әкесі зорлаған бойжеткен суға батып кетпек болған

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Гулнора (аты этикалық тұрғыдан өзгертілді) өзіне-өзі қол жұмсаудың сәтсіз әрекеттерінен кейін ауруханаға түсті.

17 қыркүйекте ол Сырдария өзені арқылы өтетін көпірден құлап кетті, бірақ кездейсоқ өтіп бара жатқан адам қызды құтқарып, оны милиция бөліміне алып кетті.

19 жастағы қыздың әңгімесінен кейін тергеу басталды және сот-медициналық сараптама жүргізілді, ол зорлау фактісін растады.

Зардап шегушінің әкесі қазіргі уақытта тергеу изоляторында. Күдіктінің қорғаушысымен сөйлесуге әрекет жасауы сәтсіз болды. Алайда, оның ағасы мен әпкесі қыздың оған жала жауып жатқанын мәлімдеді.

Гулнорапның сөзнше, зорлық биылғы жылдың қыркүйек айында болған.

"Әкем мені түнгі сағат 11-де өзіне шақырды. Мен бас тарттым. Әжем оған баруымды талап етті. Әкем маған тиісе бастады. Мен оған бірнеше рет: "бұлай жасамаңызшы, мен сіздің қызыңызбын ғой" дедім. Ол мені басымнан алып қабырғаға төрт рет ұрды. Мен есімнен танып қалдым. Ал содан кейін ол мені зорлады", - дейді ол.

Бойжеткеннің сөзінше, әкесі оны бопсалаған. Ол қыздың полицияға хабарласқан жағдайда, оның өзі түремеге тоғытылатынына алға тартыпты.

"Мен бұл жағдай туралы анама және өзге де туысқандарыма айттым. Бірақ олар маған сенген жоқ", - дейді Гулнора.

Бұдан бөлек, әкесінің туыстары одан теріс айналып, оның арызынан бас тартуын талап етіп отыр.

"Осы жағдай шын мәнінде болған босла да, әкең түрмеде отырмауы тиіс", - деді қыздың әжесі, атасы және туыстары.

Гулнора "Гулрухсор" орталығының психологтарымен әңгіме барысында ол әкесінің 9 сыныпта оқып жүрген кезде тиіскен екен.

"Ол мені аймалап, құшақтап, сүйді... Менің әпкем тұрмысқа шығып бара жатқан кезде: Осы үйден пәк болып кетіп бара жатқаныма Құдайға шүкір" деді", - дейді ару.

Десе де, Гульнораның әпкесі әкесінің сонда да оны зорлағанын сөз етті. Алайда ол бұл туралы тек әкесі құрықталғанда ғана мойындады.

Гулнора жағдайы төмен отбасында өсті, сол себепті мектепті тәмамдамаған 9 сыныптан кейін үй шаруасымен айналысып, үйде отырған.

Оның сөзінше, әкесі мен анасының көру қабілеті төмен екен. Ал анасының құлағы нашар естиді. Отбасы олар алатын кішігірім зейнетқасына өмір сүреді.

"Мен анама әкемнің мені жиі аймалап, құшақтайтынын айтатынмын. Алайда ол есту қабілетінің нашар болғаны үшін мені естімеген сияқты", - дейді Гульнора.

"Гулрухсор" әйелдерге арналған жалғыз дағдарыс орталығының қызметкері Сабохат Бободжонованың айтуынша, Гулнора оларға келгенде, күйзелісте болып, үнемі жылап, өмір сүргісі келмейтінін айтқан екен.

Сабохат Бободжонова Тәжікстандағы қоғам, әдетте, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғамай керісінше, оларды айыптайтынын айтты.

Дәл осы себепті жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған көптеген әйелдер олармен не болғанын айтпай, жасырып жүреді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тәжікстанда әкесі зорлаған бойжеткен суға батып кетпек болған