RU

Алматыдағы "Нұрлы Тауда" болған төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды

Telegram logo VKontakte logo

Бүгін, 5 желтоқсан күні Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығының терезесінен құлап кетті. Қазір төтенше жағдай орнында Бостандық ауданы полицейлері жұмыс істеуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Алматы ПД баспасөз қызметі қайтыс болған азаматтың тұлғасы анықталғанын мәлімдеді.

Ведомство ақпаратына сәйкес, ол 48 жаста болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, азамат ғимараттың 12-ші қабатында орналасқан подъездің терезесінен секіріп кеткен.

Ал марқұмды бұл әрекетке не итермелегені және фактіге қатысты басқа да мәліметтер тергеу жұмысы барысында анықталады.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы NUR.KZ тілшісіне "Нұрлы Тау" бизнес орталығында ер адамның терезеден құлағанын растады. Ол ақ халаттылар келгенше көз жұмған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратына сәйкес, қайғылы жағдай орын алған жерде МКҚ, ТЖАБ, ПД қызметі жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент маңындағы Тассай ауылында 3 желтоқсан күні өз-өзіне қол салу дерегі тіркелді. Күндізгі сағат 16.00 шамасында жас әйел үстіне тез жанғыш сұйықтық құйып, жағып жіберген. Болжам бойынша, сұйықтық - бензин немесе керосин болуы мүмкін. Жақын жердегі тұрғындар жанып жатқан отты бірден байқаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыдағы "Нұрлы Тауда" болған төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды