RU

Мадина Сәдуақасова жаңа фотосессиясын жұрт назарына ұсынды (фото)

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіде су жаңа фотосессиясының суреттерімен бөлісіп, қайтадан ел талқысына түсті. Көпшілікке өнер иесінің бұл жолғы образы да жақпай қалған сыңайлы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сәдуақасова ерекше фотоларын Instagram парақшасында жариялаған.

Онда эстрада жұлдызы қалың көпшілікке заманауи образын көрсетті. Мадина спорттық стильдегі қысқа көйлек пен басына бас киім киіп алған.

Оған қоса, бет әрлеушілер оның өзгеше образын ерекше макияжбен көркемдеген.

Шоу-бизнес өкілінің бұл суреттері де бұған дейінгі фотосессиялары секілді халықтың қатаң сынына ұшырады.

Бұл жолы желі қолданушылары Мадина Сәдуақасованың тым қысқа көйлек кигеніне шүйлікен. Олар әншіні жасына сай емес киінеді деп сөкті.

Алайда, оқырмандар арасында әртістің жан-жақтылығы, асқан сұлулығы мен еңбекқорлығына тәнті болған жандар да кездесті.

"Басқа киіп таппаған ба?" , "Халқым саныңды көрсет деп едіңдер! Міне, санын да көрсетті" ,"Көйлегінің материалыперденікіне ұқсайды" , "Жолдыбаеваға жақындап ақлыпсыз" , "Ұят, сөзім жоқ" , "Меніңше, өте сұлу" , "Бәрі жарасымды, ерсі дүние көріп тұрғаным жоқ" , "Мадина сізге не болған" , "Мұндай өзгерістің не қажеті бар" , - деп жазуда халық.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830505-madina-sduakasova-zaa-fotosessiasyn-zrt-nazaryna-syndy-foto.html