RU

Босқындар отбасында дүниеге келген судандық ару "Жыл моделі" атанды

Рассказать Вконтакте

Суданнан Кения арқылы Австралияға қашқан босқындар отбасында дүниеге келген ару "British Fashion Awards — 2019" премиясында "Жыл моделі" атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/adutakech / Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: instagram.com/adutakech / Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Лондонда "British Fаshion Аwаrds 2019" сән әлеміндегі басты марапаттау рәсімі өтті. Оған дизайнерлер, модельдер, блогерлер мен инфлюенсерлер қатысқан. Салтанатты кеште "Жыл моделі" атағын 19 жастағы Адут Акеч жеңіп алды.

Адут Акеч Суданнан Кенияға қашқан босқындар отбасында 1999 жылы дүниеге келген. Ол подиумға алғаш рет 13 жасында шығыпты.

Бойжеткен беделді журналдардың ғана емес, Saint Laurent, Chanel және Versace сынды брендтердің сүйікті моделіне айналған. Оның арқасында агенттіктер қара нәсілді сәнбикелерге назар сала бастапты.

Адут Лондондағы марапаттау кешіне Custom Valentino брендінің жасыл түсті көйлегін киіп келген.

Алғыс сөзін айту үшін қолына микрофон тиген сәтте модель аштық пен геноцидтен қашқан отбасы мүшелерінің қандай ауыр күндерді басынан кешіргені есіне түсіп, көз жасын тыя алмаған.

Сәнбикені лайықты жеңісімен құрбысы әрі ұстазы Наоми Кэмпбелл де құттықтаған.

Айта кетсек, Адут Акеч өткен жылы Models.com сайтының нұсқасы бойынша да "Жыл моделі" атанған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Босқындар отбасында дүниеге келген судандық ару "Жыл моделі" атанды
Mailfire view pixel