RU

Министр Жақыпованың диссертациясына қатысты ойын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов сенаттың пленарлық отырысына қатысты. Ол өзінің бұрынғы орынбасары Фатима Жақыпованың диссертациясына қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz, facebook.com/Fatima-Zhakypova

Фото: primeminister.kz, facebook.com/Fatima-Zhakypova

"Жалпы, бұл диссертация 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қорғалған. Сол уақыттағы барлық талапқа сай деп санаймыз. Сондықтан бүгінде заңнама шеңберінде ол ғылыми атақты қайтарып алуға мүмкіндігіміз болмай тұр", – деді Аймағамбетов.

Ол бұрынғы орынбасарының өз еркімен жұмыстан кеткенін атап өтті.

"Енді, жалпы бұл кісіні өздеріңіз білесіздер, өтінішін жазды. Сол өтініштің шеңберінде қазір министрлікте жұмыс істемейді", – деді министр.

Ол биыл Қазақстанның алғаш рет плагиатқа қарсы жаңа жүйеге қосылғанын жеткізді. Жаңа жүйені әлем бойынша 15 мың үздік университет пайдаланады екен.

"Енді, барлық курстық жұмыс, диплом мен диссертация осы жүйеден өтетін болады. Ол – бір. Екіншіден, ғылыми жұмыстар жүйеден өтіп қана қоймай, сол жүйеде сақталады. Сөйтіп, бір рет жазылған жұмысты екінші рет қорғауға мүмкіндік болмайды", – деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін диссертациялық жұмысына байланысты басы дауға қалған Фатима Жақыпованың білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылғанын хабарлағанбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министр Жақыпованың диссертациясына қатысты ойын айтты
Mailfire view pixel