Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ рулары туралы мақал-мәтелдер жиынтығы жарияланды

Опубликовано:

Yvision.kz платформасының Radik-Temirgaliev атты блогшысы қазақ руларымен байланысты мақал-мәтелдер туралы жазды.

Соны сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз:

Қазақ рулары туралы мақал-мәтелдерТарихпен айналанысқалы менде қазақ руларымен байланысты мақал-мәтелдердің шағын жиынтығы жиналды. Кейбірлері өте қызықты, сондықтан мен оларды сіздердің назарларына ұсынуды шештім. Егер де біреуде бұл тақырыпқа байланысты мақалдар болса, осында жазуларыңызды сұраймын. Ас бұзылса – тұз түзейді,Байұлы бұзылса – беріш түзейді.Танысаң – адайыңмын,Танымасаң – құдайыңмын.Жаныс кетсе,Орнына жаппас қонар.Керейден ұл туса,Ағашқа күн туады. Шапырашты дегенің некесі жоқ,Озі сары келеді, шекесі жоқ.Ет жаманы — көмекей,Ел жаманы — шөмекейҚаракесек қапқара күңнен туған,Қазыбегі би болып бетін жуған.Жаппас жатқан түйеге міне алмас,Көтенінен теппесе, тура алмас.Аққу менен қаз егіз,Адай менен таз егіз. Түйеге қатар-қатарына тұз бермеңіз,Табыннан қыз алмаңыз, қыз бермеңіз.

Егер сіз руыңыз туралы мақал-мәтел білсеңіз осындағы оқырмандармен бөліскеніңізді сұраймыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/183053-kazak-rulary-turaly-makal-metelder-zhiyntygy-zhariyalandy/

pixel