Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнәр Каримованың қызы анасының қамау мерзімі бесінші рет ұзартылғанын хабарлады

Опубликовано:

Өзбекстан бірінші президентінің қызы Гүлнәр Каримованы қамауда ұстау мерзімі кезекті рет ұзартылды. Бұл туралы оның Лондонда тұратын қызы Иман Каримова өзінің Instagram парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ca-news.org жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Гүлнәр Каримова. Фото: Profimedia
Гүлнәр Каримова. Фото: Profimedia: Facebook
"Азаматтар мен журналистердің сұрақтары көбеюіне байланысты біздің команда саяси мүддеге негізделген Гүлнәр Каримоваға қатысты іс жөнінде толық ақпарат жариялай бастайды", – деп жазды Иман Каримова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, Өзбекстан үкіметі оның анасын "айыпқа батыру" үшін заңсыз амалдарды қолдануда. Ол осы аталған заңсыз іс-әрекеттердің бетін ашу үшін жақын арада "егжей-тегжейлі мәліметтер мен фактілер" жарияланатынын жеткізді.

Өзбекстан бұрынғы президентінің немересі жүргізіліп жатқан тергеудің басты мақсаты – елдегі барлық экономикалық және әлеуметтік сәтсіздіктер мен проблемаларды Гүлнәр Каримоваға жабу деп есептейді.

Ол Гүлнәр Каримованы қамауда ұстау мерзімі осымен бесінші рет ұзартылып отырғанын алға тартты. Айтуынша, үкімет мүшелерінің басым бөлігін байланыстыратын бұл істе шындықтың ашылуынан қорқып, оны оқшаулап ұстап отыр.

Еске сала кетейік, биылғы наурыз айында Өзбекстан тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримованың Ташкентте тұтқындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830544-glnar-krimovany-kyzy-anasyny-kamau-merzimi-besinsi-ret-zartylganyn-habarlady/

pixel