RU

Бетонды қораптың ішінде тұратын фотограф Кореяның шынайы бейнесін көрсетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шетелдіктер үшін Оңтүстік Корея - алып ғимараттар мен тәтті тағамның, ғасырдан ғасырға келе жатқан көне дәстүрлердің тоғысқан жері. Алайда елдің туристік өмірінің сыртында не бар екенін көпшілік біле бермейді. Корейлік фотограф Сим Кью-дон өз суреттерінде Кореяның екінші жағын ашып көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Бетонды қораптың ішінде тұратын фотограф Кореяның шынайы бейнесін көрсетті

Фото: instagram.com/simkyudong/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік Кореядан шыққан фотограф Сим Кью-дон жұмыс істеу үшін Сеулге көшіп келген. Бірден бағасы арзан пәтер іздей бастаған ер адам көп ұзамай бірнеше вонға баспана тапқан.

Алайда қуанышы қойнына сыймаған жігіт болашақ баспанасын көргенде таңырқап қалған екен. Себебі фотограф шамамен 70 мың теңгеге "кішігірім пәтер" емес, бетонды қорапты ғана жалдай алған.

Мұндай арзан баспаналар Кореяда гошивон немесе гошитель деп аталады.

Гошивондағы өмір сүру сапасы төмен. Мұндай бөлмеде тек төсек пен үстел бар. Ал қысқа толқынды пеш, душ секілді қажеттіліктерді көршілермен бөлісуге тура келеді.

Осылайша, тар әрі күннің көзі түспейтін баспана тұрғындары қоғамның сынына ұшырап, көп ұзамай күйзеліске түседі екен. Бұл мәселе Симның да басынан өткен.

"Басында бұл жерге көшіп келгенде, менің жағдайым үшін қолайлы үй екен деп ойладым. Гошивонда көбінесе емтиханға дайындалып жүрген кедей студенттер тұрады. Бұл жерде өмір сүріп көрген адам тек оқудың ғана емес, өмірдің де сынағына дайын болады.
Біз кезде мен біреуге гошивонда тұрамын дедім. Ал ол менің қай емтиханға дайындалып жатқанымды сұрады. Мұндай сұрақтардың легі жалғаса берді. Ал мен осы үшін ұяла бастадым.
Менің жобам гошивон - баспананың жаңа пішіні екенін көрсетеді. Менің ойымша, қоғамның осы кішкентай пәтерлер туралы білгені тұрғындар үшін пайдалы болмақ", - дейді жігіт.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бетонды қораптың ішінде тұратын фотограф Кореяның шынайы бейнесін көрсетті
Mailfire view pixel