Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джастин Тимберлейк шулы видео үшін әйелінен ел алдында кешірім сұрады

Опубликовано:

Танымал әнші әрі актер Джастин Тимберлейк күллі ел алдында әйелі Джессика Биллдан кешірім сұрады. Шоу-бизнес жұлдызы желіде таралған видеоға қатысты алғаш рет пікір білдіріп, бұл қылығы үшін аса қатты өкінетінін жеткізген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап жазады.

Фото: Instagram/justintimberlake. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/justintimberlake. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Америкалық әнші үнсіздігін үзіп, желіде шу тудырған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Джастин Тимберлейк болған оқиға жайлы қауесеттерге нүкте қойып, қасындағы арумен араларында ештене болмағанын айтты.

"Мен қуаесеттерге мән бермеймін. Алайда, отбасым үшін соңғы жалған әңгімелерге қатысты пікір білдіруді жөн санаймын. Бұл қауесеттер менің жақындарыма аса ауыр тиіп жатыр. Түсірілімдегі әріптесім екеуміздің арамызда ештене болған да жоқ. Сол түні мен қатты ішіп қойдым. Өзімнің әрекетім үшін қатты өкінемін және ұяламын" , - дейді Тимберлейк.

Джастин елдің көзінше әйелі Джессикадан да кешірім сұрады.

"Мен ұлыма мұндай үлгі көрсеткім келмейді. Мен ең үздік әке және жар болғым келеді", - дейді ол.

Тимберлейк аталмыш киноның түсірілім жұмыстарына соңына дейін қатысуды жоспарлап отырған. Дегенмен түсірілім орын алған шулы жайтқа байланысты тоқтап қалған.

Айта кетейік, жақында желіде отбасылы Джастин Тимберлейк өзімен бір киноға түсіп жатқан әріптесі Алиша Уэйнрайтпен барлардың бірі қол ұстасып отырған видеосы тарап кеткен болатын.

Кейін бұл туралы шетелдік БАҚ жарыса жазып, бұл жайт тіпті актердің әйелімен қарым-қатынасына айтарлықтай әсер еткенге ұқсайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830554-dzastin-timberlejk-suly-video-sin-jelinen-el-aldynda-kesirim-srady/

pixel