RU
Тоқаев ресми сапармен Германияға барды (фото, видео)

Тоқаев ресми сапармен Германияға барды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Facebook / Берік Уәли

Фото: Facebook / Берік Уәли

Берік Уәлидң мәліметінше, бүгін Қазақстан президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді.

Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5-6 желтоқсанда Германия Федеративтік республикасына ресми сапармен баратынын хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы таяуда ғана мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды.

Президентті Бішкектің "Манас" халықаралық әуежайынан қырғыз президентінің өзі Сооронбай Жээнбеков қарсы алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel