RU
Әуедегі ұшақтың есігін ашып жіберсе не болады

Әуедегі ұшақтың есігін ашып жіберсе не болады

Рассказать Вконтакте

Жуырда британиялық әуекомпанияның жолаушысы ұшудан қорқып, кеме әуеге көтеріліп қойған кезде есікті ашпақ болған. Осы оқиғадан кейін The Sun басылымы әуемамандарымен бірлесе келе, ұшу кезінде ұшақтың есігін ашса не болады деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ travel.rambler.ru сілтеме жасап.

Әуедегі ұшақтың есігін ашса не болатынын білесіз бе

Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандардың пікірінше, есік ашылғаннан кейін бірнеше секундтардан соң ұшақ апатқа ұшырайды.

Өйткені, борттың ішіндегі және сыртындағы қысымның айырмашылығынан бекітілмеген барлық зат ұшақтан тез арада құлап кетеді.

Салонда қалып қойған кез келген адам көз жұмуы мүмкін. Себебі кеме әуеде жылдам құлай бастайды.

Дегенмен ұшақтың есігін ашу айтарлықтай оңай дүние емес. Бұл іс көптің қолынан келе бермейді. Қысым үлкен, сондықтан сізге кем дегенде гидравликалық домкрат қажет.

Ал мұндай механизмді салонға кіргізу екіталай деп атап өтті мамандар. Жолаушылар ұшақтың есігін кеме жерде болғанда ғана аша алады.

Мұндай да жағдайлар бұрын болған. Мәселен, өткен айда Таиландта жолаушы ұшақтың ұшуына бірнеше секунд қалған кезде авариялық есіктің ілмегін жұлып алған.

Анықталғандай, тәртіп бұзушы мас болған. Оқиға салдарынан қалған жолаушылар әуе кемесінің ұшуын тағы бір жарым сағат күтуге мәжбүр болды.

Сонымен қатар, өткен жылы Ryanair ұшағының жолаушысы Малагаға қонғаннан кейін қосалқы есікті ашып жіберген. Онымен қоймай, ол тіпті, кеменің қанатына шығып та үлгерген.

Кейінірек жолаушы өз әрекетін түсіндірді. Анықталғандай, ол талмасы ұстап, дем ала алмағандықтан таза ауаға осындай жолмен шығуға мәжбүр болыпты.

Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel