RU
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны рәсімдеу уақыты шектеле ме: Министрлік жауап берді

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны рәсімдеу уақыты шектеле ме: Министрлік жауап берді

Рассказать Вконтакте

ХҚО-да төрт және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдеу үшін құжат тапсыру уақытында ұзын-сонар кезектер пайда болғаны белгілі. Осыған орай құзырлы ведомство өкілдері мәлімдеме жасады. Олар жәрдемақыны алу үшін, құжат тапсыру уақыты шектелмегенін мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Министрлік жариялаған ресми мәліметке сәйкес, бүгінгі таңда әр көп балалы отбасы бойынша іс макеттерін алдын ала қалыптастыру процесі жүріп жатыр екен.

Ведомствоның айтуынша, құжаттарды қысқа мерзімде тапсыру қажеттігі туралы желіде тарап кеткен ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Құжаттарды қабылдау үдерісі ешқандай мерзімдермен шектелмеген.

Бүгінгі күні көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын, яғни, 2018 жылға дейін тағайындалған отбасыларға жаңа жәрдемақыға көшу ХҚКО-ға жүгінбестен, олардың отбасыларында бесінші және одан да көп баланың дүниеге келуіне байланысты, автоматты түрде жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда парламентте 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейтін заң жобасы қаралуда.

Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалатыны белгілі болды.

Оған сәйкес, 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге жәрдемақы төленетін болады.

Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
5
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel